Астана қаласы «Патриот» айлығының жұмыс жоспарына сәйкес, №80 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен «Тұлғасы тұнған тәлім, ерлігі елге мәлім Бауыржан атаға тағзым» атты патриоттық бағыттағы іс-шара өтті. Оған 5-7-сынып оқушылары арасынан 80 оқушы 80 гүл шоғын ескерткішке қойды. Аталған іс-шара өскелең ұрпаққа отансүйгіштік, тарихи тұлғаларды құрметтеу, Жеңіс жолындағы ерлікті бағалауға баулу мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Іс-шара аясында мектептің 80 оқушысы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Бауыржан Момышұлы атындағы саябаққа барып, батыр рухына тағзым етіп, 80 гүл шоғын қойды. Гүл шоқтары 40 қызыл және 40 ақ гүлден тұрады.
Мұндағы мақсат – Бауыржан Момышұлының әскери мұрасын зерделеу, ата-бабаларымыздың ерлігін ұлықтау, насихаттау арқылы өскелең ұрпақтың бойында патриотизм мен ұлттық сана-сезімді қалыптастыру.
Астаналық оқушылар Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
