Қазақстан Республикасының мемлекеттік мектептерде оқушыларға біріңғай мектеп формасын кию талап етіледі.
Жеке меншік мектептер форманы өз дизайндеріне қарай, басқа үлгіде, түсте таңдауға мүмкіндіктері бар. Мектеп формасын кию міндетті. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің "Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы" №26 бұйрығына сай мектеп формасы классикалық үлгіде болу керек.

Түс: қою көк
Фасон: классикалық
Мата: тым көп мыжылмас үшін тозуға төзімділігі жоғары жүн қоспасы мен мақта аралас


Ұл балаға арналған мектеп формасы:
  • пиджак,
  • жилет,
  • шалбар,
  • ақ көйлек,
  • (қыста: тоқылған жилет)
  • еркін тігісті шалбар, ұзындығы тобықты жабу керек.

Қыз балаға арналған мектеп формасы:
  • пиджак,
  • жилет,
  • юбка,
  • шалбар,
  • классикалық блузка (қыста: тоқылған жилет, сарафан)
  • еркін тігісті шалбар, ұзындығы тобықты жабу керек.