Жадынама
пиротехникалық бұйымдарды қолдану қауіпсіздігі бойынша
пиротехникалық бұйымдарды қолдану қауіпсіздігі бойынша
Пиротехниканы: отшашулар, фейерверктер және басқа пиротехникалық өнімдерді тек мамандандырылған дүкендерден сатып алыңыз, қолдан немесе базарлардан алмаңыз, өйткені онда сізге контрафактілік өнімдерді сатуы мүмкін!
Есіңізде болсын!
- Отшашуды жағу кезінде фитильді бетке қаратып ұстауға болмайды.
- Фитильді қолды созып жағу керек. Ол 6-8 секунд жанып тұрады. Отшашудан ұшып шыққан ұшқынды сөндіру қиын, сондықтан ол теріге тисе, міндетті түрде күйдіреді.
- Ракеталар мен отшашуларды адамдарға қарай бағыттауға болмайды. Зымырандар - қауіптілігі жоғары пиротехникалық бұйым. Кейде, қарға орнатылған кезде, ракета құлап, бағытын өзгертіп, адамдарға қарап ұшып кетуі мүмкін. Сондықтан ракета сияқты пиротехникалық өнімдерді пайдаланған кезде олардың ұшыру түтікшесін жерге мықтап бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
- Пиротехникалық өнімдерді құлатып алуға, немесе әдейі аяқтың астына лақтыруға тіпті болмайды!
- Қатты жел кезінде отшашуды немесе фейерверкті қолдануға болмайды!
- Фейерверктерді қолда ұстап тұрып іске қосуға болмайды (шартылдақтар мен бенгал шамдарынан басқа). Жанып тұрған отшашуларға немесе фейерверктерге оны қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген қауіпсіз қашықтықтан әрі жақындауға болмайды. Пиротехникалық бұйымдарды қалтада алып жүруге болмайды.
- Отшашудың үстіне қарап еңкейтуге болмайды!
- Балаларға пиротехникамен ойнауға рұқсат етілмейді. Пиротехникалық бұйымдар балалардың ойыншығы емес!
- Отшашуды немесе фейерверкті тұрғын үй-жайлардан немесе жанғыш заттардан 20 метр қашықтықтан жақын, төмен орналасқан шатырлар мен ағаш бұталарының астында қолдануға болмайды!
Өзіңіздің және жақындарыңыздың, айналаңыздағы адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтаңыз!
№80 мектеп-гимназия әкімшілігі