Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!
1 сәуірден бастап балаларды 1 сыныпқа қабылдау жүргізіліп жатқанын білесіздер. Соған орай, бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдаудың аяқталуына санаулы күндер қалғанын естеріңізге салғымыз келеді.
Яғни, 31 шілде құжат тапсырудың соңғы күні.
Сол себепті де, асығуларыңызды сұраймыз.
🔺1 сыныпқа құжаттарды электронды түрде, eGOV.kz порталы арқылы тапсыруға болады.
🔺1 сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады.
🔺Сонымен қатар, 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толатын балалар да бірінші сыныпқа бара алады.
🔺Қандай құжаттар қажет?
• Ата-ананың өтініші (электронды түрде беріледі)
• Туу туралы куәлік (электронды түрде беріледі)
• Баланың денсаулық паспорты (026/у-3 нысаны)
• Егу паспорты (065/у нысаны)
• Баланың суреті (3*4 өлшемді)
📞Қосымша сұрақтарыңыз болса 27 18 16 нөміріне хабарласуларыңызға болады.