2024–2025 оқу жылының 10 сәуір күні Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясында Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V санды Еңбек кодексінің 23-бабы, 1-тармағы, 3-тармақшасына сәйкес азаматтық қорғаныс және терроризмнің алдын алу мақсатында нұсқаулық өткізіліп, оқу-жаттығу ұйымдастырылды.
📣 Жаттығу барысында «Дабыл» сигналы беріліп, мектептің эвакуациялық жолдарының (шығу бағыттарындағы есіктердің) жағдайы тексерілді. Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі және түрлі төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
АӘТД пәнінің мұғалімі Айтенов Полатпай Кунгратбайұлы мектеп директоры Майканова Гульдерай Казтаевнаға эвакуация нәтижелері туралы есеп берді:
1-ауысымда – 968 адам,
2-ауысымда – 1053 адам эвакуацияланды.
Оқу-жаттығу сәтті өтті және барлық іс-шаралар белгіленген тәртіпке сай ұйымдастырылды.
Азаматтық қорғаныс бойынша оқу-жаттығу өтті
