1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мен 29 сәуір – Халықаралық би күніне орай мектебімізде 1–2 сынып оқушылары арасында ерекше көңіл-күйге толы «Ұлттық би өнері» байқауы өтті.
🎭 Сахнада қазақтың қоңыр қадамы, өзбектің нәзік иілісі, үнді биінің ишараға толы сұлулығы, испан биінің жалынды оты – барлығы ұлттық болмысты би арқылы бейнеледі.
Байқаудың арнайы қонағы – @balzhan.erlan «Хабар» арнасының тележүргізушісі, тілші, «Еңбек адамы» деректі жобасының жүргізушісі. Ол экран арқылы еңбек адамдарының өмірін шынайы жеткізіп, қоғамға үлгі етіп келеді.
🔆 Бірлік – жүректе, би – тілектес жүректің қозғалысы!
Бірлік пен би үндестігі – сахна төрінде!
