1 қыркүйек – Білім күніне орай Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясында "Мектебім – мейірім мекені" атты салтанатты сап түзеу өтті. Бұл ерекше күні мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндеріміз өздерінің алғашқы ұстаздарымен танысып, үлкен сапарға қадам басты.

Баршаңызды 1 қыркүйек – Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа оқу жылы барлық білім алушыларға толағай табыстар мен жетістіктер әкелсін деп тілейміз. Еліміздің болашағын қалыптастыратын жас ұрпаққа терең білім мен ұлттық құндылықтарды бойына сіңіре отырып, елін сүйер, еліне қызмет етер азаматтарды тәрбиелеу жолындағы ұстаздарымызға қажырлы еңбектерінде табыс тілейміз. Жаңа оқу жылы жарқын істерге, жаңа биіктерге жетелеуші болсын!