25 ақпан - Алаш және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллин жазықсыз жала құрбандарының бірі болып, өмірден озған күні. Қазақ халқының қазақ әдебиетін орны толмастай ойсырайтып кеткен бұл күннің тарихы туралы келер ұрпаққа салмақты ой айтуға ескерткіш басына зиялы қауым жиналды. Атап айтар болсақ, қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрімұлы, Рымжан Сейфуллиннаның ұлы Алтай Қарпықұлы отбасымен, мұражайдың негізін қалаушы, алғашқы директоры Роза Иманғалиқызы, Сәкеннің нағашы қарындасы Асылгүл Әбішқызы, ақын-драматург Қанат Жүнісов, Италия мемлекетінің Орталық Азия бойынша экология және әлеуметтік - экономикалық даму жөніндегі кеңесшісі Роберто Болтри және С.Сейфуллин атындағы #80МГ ұстаздары мен оқушылары еске алып гүл шоғын қойды. Ұлт үшін өмірінің соңына дейін күрескен біртуар тұлғаның жүріп өткен жолы келер ұрпаққа үлгі әрі мақтаныш. Сәкен шығармаларымен сусындап өскен жастардың болашағы жарқырай берері хақ...