2023 жылғы 14 наурызда С.Сейфуллин атындағы мектеп гимназиясында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру жүйесінде 6 және 7 сынып оқушыларының ішкі істер органдары өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесуге Сарыарқа аудандық полиция басқармасы ПБ Қылмыстық іздестіру бөлімінің аға жедел уәкілі полиция майоры А. Дүйсенбин және Ювеналды полиция бөлімі инспекторы полиция капитаны А. Қайырбекова қатысты.
Кездесу барысында спикерлер оқушыларға кәмелеттік жасқа толмағандардың қатысуымен жиі орын алатын ұсақ бұзақылық, қорлау, ұрып-соғу, ұрлық және т.б. қылмыстар мен құқық бұзушылықтар, ол үшін заң шеңберінде қарастырылған жауапкершілік туралы түсіндіріп кетті. Сондай-ақ білікті мамандар тарапынан оқушыларға осындай қылмыстар мен құқық бұзушылықтың құрбаны болмас үшін қажетті сақтық шаралары мен өзін қалай ұстау керектігі туралы пайдалы кеңестер берілді.