8 минуттық оқу
Оқу жылының ІІ тоқсанынан бастап мектебімізде жаңа жоба басталды.
📚 Оқушыларды кітап оқуға деген қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарасын кеңейту мақсатында «8 минуттық оқу» жобасы барлық білім беру ұйымдарында ІІ тоқсанның бірінші күнінен кітап оқуды бастады. Жоба аясында балалар бірінші сабақтың алдында күнделікті 8 минуттық уақытын кітап оқуға бөледі, содан соң 2 минут тынығып алып сабақтарына кіріседі.
📖 Жобаны жүйелі түрде жүзеге асырғанда оқушылардың оқу дағдысы дамып, сөйлеу мәдениеті дамиды деген нәтижелер күтілуде.
Айта кетейік, жоба аясында оқушылар оқуға ұсынылған көркем әдебиет тізіміне сәйкес, таңдаулары бойынша кез-келген әдебиетті оқи алады, кітапты тікелей кітапханадан алып немесе ұнаған кітаптарының көшірмелерін де пайдаланса болады.