С.Сейфуллин атындағы №80 МГ Республикалық Астана қ.бойынша 2012 жылдан бастап ашылған Әкелер одағы ұйымының жұмысын жалғастыру мақсатында 2020 жылы ата-аналар комитетінің қолдауымен Әкелер кеңесі ашылып, төрағасы ретінде көпбалалы әке Құспеков Ж. Х. тағайындалған еді. Осы игі істі қолдау үшін бүгін, 2023 жылдың 20 қарашада, әкелер қауымына арналған «Әке – отбасы тірегі» тақырыбында конференция және мектебімізде Әкелер кеңесі кабинеті ашылды. Аталған конференцияға арнайы қонақтар «Әкелер одағы» Респ.Қоғамдық бірлестінің төрағасы Мақсұтбек Айтмағанбет, Республикалық Әкелер одағы Астана қаласы бойынша филиалы басшысы Күзембай Бекдайыр Нығметұлы, ҚР Парламент мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Құспеков Олжас Хайроллаұлы, Астана қаласының мәслихат депутаты, «Бақытты отбасы» кітабының авторы, «Бозторғай» сериалының идеясын қоюшы Естек Қанат Ғалымжанұлы, Отбасылық психолог, Отбасы академиясының негізін қалаушы Мырзабаев Ержан, Астана қаласы «Ауыл» партиясының балалар және отбасы істері жөніндегі әйелдер комиссиясының мүшесі, «Томирис» республикалық қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы Мубарак Сәуле Төреханқызы қатысып, спикер ретінде өзекті тақырыптың төңірегінде өз пікірлерін білдіріп, мектеп оқушыларына кеңес беріп, мектептің Әкелер кеңесінің мүшелеріне сәттілік тіледі.
Мектебіміздегі Әкелер кеңесі кабинетін ресми түрде ашу «Әкелер одағы» Республикалық Қоғамдық бірлестінің төрағасы Мақсұтбек Айтмағамбет пен Астана қаласының мәслихат депутаты, «Бақытты отбасы» кітабының авторы, «Бозторғай» сериалының идеясын қоюшы Естек Қанат Ғалымжанұлына бұйырды. Қанат Ғалымжанұлы тілек білдіре отырып, авторлық жұмысынан үзінді оқып, кабинеттің ашылу құрметіне «Бақытты отбасы» кітабының авторы Естек Қанат Ғалымжанұлына бұйырды. Конференция соңында әкелер мен оқушылар арасында спорттың шахмат, тоғызқұмалақ, волейбол сияқты түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.
Толығырақ...