«Наурыз шуағы-2024» бірыңғай ауқымды іс-шараларды өткізу жоспары мен 2023-2024 оқу жылына арналған арналған нұсқаулық-әдістемелік, спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру, әскери-спорттық іс-шаралар мен жарыстардың күнтізбелік жоспары негізінде 🗓️ 2024 жылдың 13 наурызда 🏫 «Аспан» спорт кешенінде Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы мен Астана қаласының қазақ күресі федерациясымен бірлесіп 🤼‍♂️ қазақ күресінен Астана қаласының мұғалімдері арасында «Алтын белбеу» турнирі өткізілді ✅.
❗️Турнирге Астана қаласының 46 мектеп, 3 колледжден, 3 БИНОМ мектептерінен 117 мұғалім қатысты.

Мұғалімдер арасындағы турнирдің қорытындысы:

-74 келі салмақта
🥇 Ғайып Темірхан (Nº50 мектеп-лицей)
🥈 Айтмуханбет Нурбек (Nº86 мектеп-гимназия)
🥉 Молдабек Еркебулан (Nº80 мектеп-гимназия)
🥉 Ахмедия Шалкар (Nº96 мектеп-гимназия)

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының және Астана қаласы қазақ күресі федерациясының кубок, медаль, диплом, белбеу және сертификаттарымен марапатталды 🏆🏅📃.