№80 мектеп-гимназиясының оқушылары мен ұстаздары саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған "АЛЖИР" мемориалды-мұражайына барып қайтты.

Мұражай қызметкерлері оқушыларды жылы қарсы алып, тарихымыздың ең ауыр кезеңдерінің бірі — «халық жаулары» әйелдерінің лагері туралы мазмұнды мағлұматтармен бөлісті. 1930-жылдардағы жаппай қуғын-сүргін, әділетсіз айыптаулар мен отбасылардың қасіретті тағдыры туралы деректі фильм көрсетілді.
Бұл саяхат оқушыларға тарихи әділеттілік, адам құқықтары мен отансүйгіштік ұғымының маңызын терең түсінуге мүмкіндік беріп, тәрбиелік мәні зор тағылым сабақ болды.
Тарихты білу — болашаққа деген жауапкершілік.