Сәкен Сейфуллин
(1894-1939)
Өмірбаяны
Сәкен (Сәдуақас) Сейфоллаұлы Сейфуллин (15 қазан 1894 Ақмола уезі, Ақмола облысы, Ресей империясы – 25 ақпан 1939, Алматы, Қазақ КСР, КСРО) — қазіргі қазақ әдебиетінің негізін құраушы, ақын және жазушы,қоғам, мемлекет қайраткері. Қазақстан Жазушылар одағының негізін қалаушы. Алғашқылардың бірі болып Қырғыз АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы (1920-1925) (Премьер-Министр) қызметін атқарды.

Білім алуы

1905 жылдан бастап 1908 жылға дейін Спасск мыс балқыту жанындағы орыс-қазақ мектебінде оқыған, содан кейін Ақмола үшсыныптық қалалық училищеде оқыды. Сонымен қатар, 1912 жылы Сәкен медресе оқушыларын орыс тіліне дайындайды. 21 тамыз 1913 жылы Сейфуллин Омбы педагогикалық семинариясына келді, онда ол Мағжан Жұмабаевпен оқыған.

«Айқап» журналында қарашадағы санында (№ 21) Сәкен Сейфуллин өзінің алғашқы мақаласын жариялады. Сол уақыттан бастап, ол Омбы қаласының охранкасының назарына ілігеді.

1914 жылы Сәкен Омбыда «Бірлік» («Единство») қазақ жастарының тұңғыш мәдени және білім беру қоғамның көшбасшыларының бірі болады. 1914 жылы ол өзінің «Өткен күндер» атты өлеңдер жинағын жариялады.

1916 жылы Сәкен сырттай мүлікті заңдастыру комиссиясының Ақмола уезі бойынша 12 елді мекенде жұмыс істейді. Сонда 1916 жылы ол қазақ халқының Амангелді Иманов бастаған көтеріліске арналған дастан «Толқулар» деген өлең жазды.

1916 жылдан 1 қыркүйектен бастап Сейфуллин негізі қалануына өзі тікелей қатысқан, Бұғылы мектебінде оқытушы болып қызмет атқарады.

1917 жылы 9 наурызда ол Ақмолаға көшіп келіп, онда Ақпан төңкерісі туралы «Біз асығыс жиналдық» атты өлең жазған.

1917 жылдың сәуір айында, Сәкен Сейфуллин, «Жас қазақ» («Жас қазақ») саяси және әлеуметтік-мәдени қоғамын құрады. 1917 жылғы шілдеде Сәкен "Тіршілік" газетін шығаруға қатысады.

Қыркүйек айынан бастап Сейфуллин Ақмоладағы жаңа орыс-қазақ мектебінде үш айлық мұғалімдерді оқыту курстарын жүргізеді.

Азаматтық соғыс

Ақмола 4 маусымдағы 1918 жылы Ақмоладағы ақтар төңкерісінен соң Сейфуллин тұтқындалып, 1919 жылы 5 қаңтарда Петропавл түрмесіне жіберілген болатын. Ол 47 күн бойы (24 қаңтар - 12 наурыз), атаман Анненковтың «өлім пойызынан» өтті. Омбыда, ол Колчак түрмесінен қашып (3 сәуір), шілдеде туған ауылына жетті. Екі айдан кейін, С.Сейфуллин Әулие-атаға қашуға мәжбүр болды.

Азамат соғысынан кейін

Бірақ 1920 жылы 7 мамырда ол босатылып, Ақмолаға Қызыл Армия қатарына оралды және революциялық комитеттің (революциялық комитеті) Әкімшілік бөлімесінің басшысының көмекшісі болып тағайындалды.

1938 жылы «ұлтшыл буржуа» деген айыппен тұтқындалып, 1939 жылы 28 ақпанда Алматы НКВДсының қабырғасында атылды.

Ол Сталин қайтыс болған кейін 1953 жылы ақталған.

Марапаттаулары

  • Еңбек Қызыл Ту ордені (1936).

20 ғасырдағы қазақ әдебиеті, әсіресе қазақ поэзиясы Абайдың ақыңдық мектебінің әсер-ықпалымен өркендеді. Сәкен Абайды айрықша ұнатқандардың да, мейлінше жек көргендердің де қатарында болған емес. Идеология ыңғайымен үстем таптан шыққанын анда-санда ескертіп қойғаны болмаса, айрықша белсенділікке салынған жоқ. Сақтана пікір айтты. Омбыда оқып жүрген шәкірттік дәуірінде Абай рухына сиынып, аңқылдаған ақ көңілін жайып салған өлеңі бар:

«Сөзіңнің қарап тұрсам мағынасы мол,
Бастаушы адасқанға болғандай жол,
Өзге сөздің патшасы - сенің сөзің,
Я бар бол бұл дүниеде, яки жоқ бол...»

- деп Абайдың құдіретті сезін ардақ тұтты.

«Сөзіңді үлгі қылды білген адам,
Түсінбес оқыса да бітеу надан,
Наданға құр қу ағаш құрған тезің,
Көткеншек алға қарай баспас қадам...»

- деген әлеуметтік ойларды ұлы ақыннан алғаны сөзсіз. Оның қаншалықты мәні барын «Бірлік» қоғамына басшылық жасап жүргенде өзі мықтап түсінді. Сондықтан «Кім басшы - аға халыққа», «Қазақ сабағы», «Надан бай», «Оқымаған қазақ» деген өлеңдерін жазып, ел қамын ойлау адастырмас арман жолы екенін ұқты.

Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясындағы Сәкен кабинетінің ашылу сәті



2020 жылдың 2 наурыз күні Астана қаласы әкімдігі 12 білім беру ұйымына тарихи тұлғалардың есімін беру туралы қаулысы шықты. Содан бері біздің мектебіміз Сәкен Сейфуллин атымен аталады. Қаламгердің асыл мұрасы мен өнегелі өмірін бүгінгі жас ұрпаққа насихаттау - біздің мақсатымыз. Өскелең ұрпақтың ақын шығармаларына деген қызығушылығын арттыру мақсатында мектебіміз қала мектептері арасында дәстүрлі «Сәкен оқулары» байқауын өткізіледі.
2021-2022 оқу жылында ақынның туған күніне орай, қалалық білім беру ұйымдарының мектеп оқушылары арасында «Сәкен оқулары» байқауын «Астана дарыны» ДДжПСО және С.Сейфуллин мұражайымен бірлесіп өткіздік. Аталмыш шара биыл да өз жалғасын табады.


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мектебімізде «Сәкен кабинеті» ашылды. Болашақ ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу, ақынның өз заманындағы саяси - қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу мақсатында кабинеті жасақталды.