2023 жылдың 10 ақпанында мектебімізде 10-11 сыныр оқушыларының қатысуымен Астана қаласы прокуратурасы өкілдерімен кездесу болып өтті. Кездесуге қаланың Сарыарқа ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Бөрібай Мадияр Жақыпұлы қатысты. Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың санын азайту, тыйым салынған заттарды қолдану, кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу жайында түсіндіру жұмыстар жүргізілді. оқушылардың көкейіндегі көптеген сұрақтар талқыланып, қанағаттанарлық жауаптар алынды.

Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құру процесінде құқықтық тәрбие мәселелері үлкен маңызға ие. Азаматтардың құқықтық мәдениеті жоғары болған сайын құқықтық нормалардың сақталуы да жоғары болады. Халықтың құқықтық сауаты жоғары болса құқықбұзушылық та азаяды.