Ата-аналарды педагогикалық қолдау аймағы
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды.
Мақсатымыз позитивті ата-ана болу мәдениетін арттыру үшін мектептің күш-жігерін ата-аналар қоғамымен біріктіру және ата- аналарды қолдау.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасын іске асыру қызметі негізінде мектепте ата- аналарды қолдау аймағы өз жұмысын жасап тұр.
Толық ақпарат...