Тарих пәні онкүндігі аясында мектебіміздің оқушыларына патриоттық тәрбие беру мақсатында Ауған соғысы, Чернобыль апатын жоюшы ардагерлер мен «Ирактағы жауынгерлік және бітімгершілік миссияларындағы жауынгерлермен» кездесу өтті. Кездесуімізді мектеп директоры Г.К. Майканова ашып беріп, ардагер-жауынгерлерімізге алғысын білдірді. Кездесу барысында оқушылар өз сұрақтарына жауап алды. Қаруды тез шашып, жинаған мектеп оқушысы на риза болған жауынгері міз өз медалін шешіп, тарту етті. Кездесу соңында өскелен ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру жолында жүрген мектеп әкімшілігі мен бірқатар әріптестерімізге Астана қаласының Ирак ардагерлер одағы атынан алғыс хаттар табысталды.