Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу
2024 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толады. 10 жыл ішінде 22 мыңнан астам азаматымыз интернационалдық және әскери борышын өтеп, 1000-ға жуық азамат майдан даласында ерлікпен қаза тапты, 1500-ден астамы мүгедек болып оралды.Ауған соғысына қатысушылардың жанқиярлық және қаһармандық өткенін еске алу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 шілдедегі № 617 Қаулысымен, 15 ақпан алғаш рет мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіледі.
Мерейтойды мерекелеу аясында 13 ақпанда мектеп қабырғасында Ауған соғысының ардагерлері Н.Қ.Бақтыбаев, С.А.Сүлеев, Нажуовпен Е.М. кездесу өтті.
«Жас сарбаз» сынып оқушыларының автоматты бөлшектеп жинау, музыка пәнінің мұғалімі Е.Қ.Өтебаевтың жауынгерлік әні, «Өркен» балалар вокалдық тобының орындауындағы патриоттық ән, 6 «ә» сынып оқушылары Кенжебай Н. мен Р.Намазбайдың жүрекжарды өлеңдері, кездесуге қатысушылардың аузынан соғыс туралы әңгімелердің эмоционалды компонентін толықтырды.
Толығырақ...