Бүгін, 6 қараша күні, Астана қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясында «Бала қауіпсіздігі - қоғам келешегі» атты іс-шара өтті. Бұл шараның мақсаты – оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, құқыққа қайшы әрекеттерді болдырмау және қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат беру болды.
Іс-шараны Сарыарқа ауданы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі басқармасының №86 учаскелік полиция пунктінің учаскелік инспекторы, полиция капитаны Бахытжан Нұрбайұлы Ахметов ұйымдастырды. Іс-шараға арнайы қонақтар ретінде белгілі спортшы Талбудин Нұрбек, «Музыкалық жас көрермен театрының» әртісі Алтынбек Сүндетұлы және прокуратура бөлімінің өкілі Бейсенбай Қасымжомарт Батыржанұлы қатысты. Олар оқушылармен кездесіп, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісті және құқықтық мәдениет пен қоғамдағы қауіпсіздіктің маңыздылығы туралы әңгіме өрбітті.
Бұл кездесуге мектептің 250-ден астам оқушысы қатысты. Іс-шара барысында оқушылар заңды құрметтеу, өз құқықтарын білу, құқық бұзушылықтардан сақтану туралы тереңірек түсінік алды. Іс-шара олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қауіпсіздік ережелерін сақтау дағдыларын дамытуға үлкен үлес қосты.