Анықтама

Тақырып: Диагностикалық бақылау жұмысы
Мақсаты: Білім алушылардың қиындықтарын,оқу жетістіктерінің деңгейін және біліміндегі олқылықтарды толықтыру
Міндеттері:

  • білім алушыларда қиындық тудырған тақырыптар бойынша сабақтарды жүйелі өткізу;
  • сараланған тапсырмаларды таңдай отырып, білім алушылармен жұмыс жүргізу;
  • тұрақты кері байланыс жүргізу.
Салыстырмалы көрсеткіш

Қорытынды ТЖБ
Диагностикалық бақылау

Пәннің атауы




Білім сапа көрсеткіші
63%
42%
Қазақ тілі
66%
65%
Орыс тілі
61%
57%
Ағылшын тілі
61%
31%
Математика
62%
44%
Физика
47%
59%
Химия
58%
60%
Биология
60%
62%
География
65%
46%
Қазақстан тарихы
Пән бойынша білім сапасы

Диагностикалық бақылау

Пәннің атауы




Білім сапа көрсеткіші
42%
Қазақ тілі
65%
Орыс тілі
57%
Ағылшын тілі
31%
Математика
44%
Физика
59%
Химия
60%
Биология
62%
География
46%
Қазақстан тарихы
Қазақ тілі,математика,физика,Қазақстан тарихы пәндерінің көрсеткіштері төмен.
Орыс тілі,география,биология пәндері 60 пайыздан жоғары пайыз көрсетті.
Қорытынды:
2021-2022 оқу жылының қыркүйек айындағы диагностикалық бақылау жұмысының қазақ тілі пәні бойынша білім сапасы – 42%. 2021-2022 оқу жылындағы кіріс бақылау жұмысының білім сапасы қазақ тілі пәні бойынша – 2 «В» сыныбы жоғары білім сапасын көрсетті. Төменгі деңгейді 2 «Б» сыныбы көрсетті. Қалған сыныптардың білім сапасы бір деңгейді көрсетті.

2 «В»,8-9 сыныптар жоғарлаған білім сапасын көрсетті. 2 «Б»,5 (А,Б,В,Г,И),6 (В,Г,Ж), 7 (Д;Е), 8 (Ә,Б,В,Д,Е),9 Д,10 (А,Б,В) 11 (А,Ә,Б) сыныптар төмендеген білім сапасын көрсетті.
5 сыныптар қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу.
Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын оқу, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу каллиграфиясын түзету.
6,7 сыныптар мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге,емле ережелеріне сүйеніп түзету, редакциялау. Оқылым мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру.
8,9 сыныптар жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана алмау. Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып,үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу үшін ережелерді жаттау керек.
10 сыныптар құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарына және салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырату.
Құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарына және салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлеріне түрлі тапсырмалар беріліп,жаттығу жұмыстарын жүргізу.
Орыс тілі пәні бойынша – білім сапасы 65%, 11 сыныптар жоғарлаған білім сапасын көрсетті.
9 сыныптар төмендеген білім сапасын көрсетті. 5-6 сыныптар бойынша «а», «о» дыбыстарының дұрыс жазылуын, абзацтан бастап жазуды, жалғауларды дұрыс пайдалануды үйрету. 7-8 сыныптар бойынша орыс тілінің грамматикасын білуін дұрыс қолдануын қадағалау. 9-11 сыныптар бойынша орыс тілі сабағында грамматика мен сөйлеу мәнерін, айтылым, оқылым деңгейін терең қолдануға көңіл аудару.
2020-2021 оқу жылының қорытынды ТЖБ жұмысы мен 2021-2022 оқу жылының білім сапасымен салыстырғанда қазақ тілі пәні бойынша кему динамикасы -21%.
Ағылшын тілі пәнінен қателіктерді анықтау барысында, жазбаша жұмыстарды тексеру, ауызша жауап беру, өзіндік және өзара бақылау барысында жүзеге асырылды. Жазбаша жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу және өзі дербес орындауын қатаң бақылау пән мұғалімдеріне ұсынылды. Қателерді анықтауға арналған жазбаша жұмыстың тиімді түрлері:
- оқу жылының басында және соңында қателіктерді талдау бойынша жеке өзіндік жұмыс үшін әр кестеге мәліметтер матрицасын және матрицалардың көшірмелерін құрастыра отырып, тестілеу берілді;
- оқу жылында дәстүрлі бақылау және кесімді бақылау жұмысы, теориялық материалды жазбаша зерттеу.
Белгілі бір тақырыптың типтік қателері мен жалпы білім беру дағды-қабілеттерін анықтауға бағытталған ББҚ (білім, білу, қабілет) ауызша тексерілді.
Тест тапсырмаларында есте сақтауды (меңгергендерді жаңғырту), ойлауды
(салыстыру, дәлелдеу, жалпылау), сөйлеуді дамытатын сұрақтар қамтылды. Ауызша емтиханның сапасы сұрақтардың іріктелуіне және олардың қойылу реттілігіне байланысты құрастырылды. Әрбір сұрақ логикалық түрде толық, қысқа және нақты. Білім алушылардың бойында өзін-өзі бақылау дағдылары мен қабілеттерін қалыптастыру олардың қателіктерін өз бетінше табуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар ол тәрбиелік, психологиялық, педагогикалық тұрғыдан тиімділігі де қарастырылды.
2020-2021 оқу жылының қорытынды ТЖБ жұмысы мен 2021-2022 оқу жылының білім сапасымен салыстырғанда ағылшын тілі пәні бойынша кему динамикасы -4%.
Орыс тілі пәні бойынша – 11 сыныптар жоғарлаған білім сапасын көрсетті.
9 сынп төмендеген білім сапасын көрсетті. 5-6 сыныптар бойынша «а», «о» дыбыстарының дұрыс жазылуын, абзацтан бастап жазуды, жалғауларды дұрыс пайдалануды үйрету. 7-8 сыныптар бойынша орыс тілінің грамматикасын білуін дұрыс қолдануын қадағалау.
9-11 сыныптар бойынша орыс тілі сабағында грамматика мен сөйлеу мәнерін, айтылым, оқылым деңгейін терең қолдану.
2020-2021 оқу жылының қорытынды ТЖБ жұмысы мен 2021-2022 оқу жылының білім сапасымен салыстырғанда орыс тілі пәні бойынша кему динамикасы - 1%.
Қыркүйек айындағы диагностикалық бақылау жұмысының математика пәні бойынша білім сапасы – 31%.
2020-2021 оқу жылының қорытынды ТЖБ жұмысы мен 2021-2022 оқу жылының білім сапасымен салыстырғанда математика пәні бойынша кему динамикасы -30%.
Бастауыш сыныптар бойынша кіріс бақылау жұмысының білім сапасы математика пәні бойынша – 2 «В» сыныбы жоғары білім сапасын көрсетті. Қалған сыныптардың білім сапасы бір деңгейді көрсетті.
Математика пәні бойынша жоғарлаған білім сапасын көрсеткен сынып жоқ, 8 сыныптар төмендеген білім сапасын көрсетті.
Математика пәнінен қиындық туғызған тақырыптар:
5 сынып бойынша:
  1. Көптаңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту
  2. Үштаңбалы санға көбейту және бөлу
  3. Санды және әріпті өрнектер. Амалдар қолдану
  4. Есепті әріпті өрнек құру арқылы шығару
  5. Жылдамдыққа арналған есептер.
  6. Теңдеу
6 сынып бойынша:
  1. Натурал сандардың бөлінгіштік қасиеті.
  2. Пайыз. Пайызға мәтін есептер шығару
  3. Жай бөлшектер мен аралас сандарға амалдар қолдану.
  4. Теңдеу
7 сынып бойынша:
  1. Пропорция
  2. Координаталық түзу
  3. Өрнектің мәнін табу
  4. Теңсіздікті шешу
  5. Санның модулі
  6. Теңдеулер жүйесін құру
8 сынып бойынша:
  1. Алгебралық бөлшектердің негізгі қасиеті
  2. Алгебралық бөлшектерді қосу және азайту
  3. Алгебралық бөлшектерді көбейту және бөлу
  4. Қысқаша көбейту формулалары
  5. Рационал өрнектерді түрлендіру
9 сынып бойынша:
  1. Квадрат теңдеулерді шешу
  2. Квадраттық функция және оның графигі
  3. Теңсіздіктер жүйелерін шешу
  4. Мәтінді есептерді шығару
10 сынып бойынша|:
  1. Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу
  2. Арифметикалық прогрессиялардың n-ші мүшесін, алғашқы n мүшелерінің қосындысын есептеу
  3. Өрнектің сандық мәнін табу
  4. Тригонометриялық функцияның мәнін табу кезінде негізгі тригонометриялық тепе теңдіктерді қолдану
  5. Тригонометриялық өрнекті ықшамдау
11 сынып бойынша:
  1. Теңсіздіктерді шешуде интервалдар әдісін қолдануда координаттар жүйесінде көрсете білу
  2. Графиктерді кескіндеп координаттарын табу
  3. Арифметикалық және геометриялық прогрессияның формулаларын қолдану
  4. Тригонометриялық формулаларды және кестені қолдану.
2020-2021 оқу жылының қорытынды ТЖБ жұмысы мен2021-2022 оқу жылының білім сапасыменсалыстырғанда физика пәні бойынша 10 сыныптар жоғарлаған білім сапасын көрсетті.8 сыныптар төмендеген білім сапасын көрсетті.Кему динамикасы - 18%.
Физика пәнінен қиындық туғызған тақырыптар:
8 сынып бойынша:
  1. Түзусызықты бірқалыпты қозғалыс графигі, жылдамдықты анықтау
  2. Күштерді берілген масштабта кескіндеу , тең әрекетті күш
  3. Архимед заңы, сұйықта жүзу шарттары
  4. Механикалық жұмыс пен қуат
  5. Энергияның түрленуі
9 сынып бойынша|:
  1. Формулалар мен физикалық есептерді шығару
  2. Жол, жылдамдық, уақытқа байланысты есептер
10 сынып бойынша:
  1. Теориялық тұрғыдан қарастыру
  2. Физикалық есептерді шығару
11 сынып бойынша:
  1. Көкжиекке бұрыш жасау лақтырылған дененің қозғалысы
  2. Зат мөлшері. Менделеев Клайперон теңдеуі.
  3. Энергияның сақталу заңы
  4. Магнит өрісі.
  5. Электр тізбегі
2020-2021 оқу жылының қорытынды ТЖБ жұмысы мен 2021-2022 оқу жылының білім сапасымен салыстырғанда химия пәні бойынша 8 сыныптар жоғарлаған білім сапасын көрсетті. 10 сыныптар төмендеген білім сапасын көрсетті. Химия пәні бойынша өсу динамикасы + 12 %.
Элекролиттік диссоцация және органикалық, бейорганикалық қосылыстардың сапалық талдаулары тақырыптар бойынша бақылау жұмысын төмен көрсеткіштер көрсетті. Химия пәнінен 9 В, Г сыныптарында бақылау жұмыстарының көрсеткіші төмен болуына байланысты «Химиялық элементтер», «Органикалық және бейорганикалық заттар қосылы», «Химиялық рекциялар жылдамдығы», «Металдар белсенділігін салыстыру» тақырыптарынан қателіктер көп жіберілді.
Орыс сыныптары бойынша Гайдай Д, Канагат Ш, Камышов И, Дюскеева А -8 Е сынып оқушылары « Распределение электронов в атомах», «Составление формула соединений» тақырыптарында көп қателер жіберген.
Биология пәнібойынша « Полимерлер мен мономерлер қызметі», « Тірі ағзалардың көптүрлігі, олардың арасындағы ұқсастық пен айырмашылық», «Адам және жануарлар ағзасындағы зат алмасу прцессі» тақырыптарында қателер кездесті. Жаратылыстанупәнінен оқушылардың карта глобуспенжұмыс жасауда қиындықтар туындауы, Гографиялық нысандарды анықтай алмады.
Үлгерімі төмен оқушылармен жыл бойы жұмыс жүргізе отырып, хиямия, биология, география пәндерінен қабілеті төмен оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мемлекеттік білім стандартын меңгерту.
2020-2021 оқу жылының қорытынды ТЖБ жұмысы мен 2021-2022 оқу жылының білім сапасымен салыстырғанда Қазақстан тарихы пәні бойынша жоғарлаған білім сапасын көрсеткен сынып жоқ, 6 сыныптар төмендеген білім сапасын көрсетті,кему динамикасы- 25%
Қазақстан тарихы пәнінен қиындық туғызған тақырыптар:
6 сынып
  1. Қағанаттырдың құрылу динамикасы
  2. Қазақ хандығының құрылуы
  3. Мемелекеттің ішкі саясатына баға беру
7 сынып
  1. Жоңғар шапқынышылығы кезіндегі Қазақстан
  2. Қарақұм жиынын талдау
  3. Хандар мен батырлар іс-әрекетін сипаттау, баға беру
8 сынып
  1. Ұлт-азаттық көтеріліс себептері мен салдарына талдау жасау
  2. Қазақ зиялыларына талдау жасау
  3. ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы әлеуметтік-саяси процесстер
9 сынып
  1. ІІ дүниежүзілік соғыс
  2. Тың және тыңайған жерлерді игеруге тарихи баға беру
  3. Өнеркәсіптің қайта дамуы
10 сынып
  1. Әлемдік өркениет тарихындағы Ұлы дала
  2. Түрік империя
  3. Ақ орда Қазақ хандығының негізігі
11 сынып
  1. ҚР көші-қон саясаты
  2. Зар-заман ағымы мен идеялогиялық құндылықтары
  3. Алаш қоғалысы

Ұсыныстар:
  • Әрбір оқушының білім олқылықтарын есепке ала отырып нәтижесі бойынша жеке талдау жасау;
  • Салыстырмалы талдау қорытындылары негізінде түзету жұмыстарын ұймдастыру;
  • Әр оқушының орындаған тапсырмалары бойынша талдау жасау;
  • Салыстырмалы талдау бойынша дер кезінде түзету жұмыстарын жүргізу;
  • Оқушылар үшін қиындық туғызған тақырыптарды жан-жақты қарастыру;
  • Талдау қорытындылары бойынша оң және теріс нәтижелердің себептерін анықтап жою жолдарын қарастырып жүйелі жұмыстар жүргізу.