«Достық пен Сыйластық»
2024 жылғы 23 ақпан күні мектебімізде «Достық пен Сыйластық» тақырыбында қыздар жиналысы болып өтті. Жиналысқа 5-7 сынып қыз балалары қатысты. Аталмыш шараға «Қыз өссе елдің көркі» кітабының авторы Әсел Қайратқызы қонаққа шақырылды. Өз сөзінде қыз балаға берілетін тәрбиенің маңызы, қоғамда қыз бала тәрбиесінде жіберіліп жатқан олқы тұстарды тілге тиек ете отырып, қыздардың тән мен ар тазалығы туралы түсіндіріп, бесігінде жақсы тәрбие алған қыз бала ертеңгі ана екендігін еске салды. Сонымен қатар қыздардың кешкі уақытта үйден шықпауын, интернет желісінде түрлі әлеуметтік желілерде отырмауын тапсырып, кеңестерін берді. Қыз баланы тәрбиелеу - ұлтты тәрбиелеу. Қыз балалар арасында жат қылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейте отырып, қоғам назарын қыз тәрбиесіне арнауда ақпарат беру мақсатында өткізілген жиналыста еркін пікір алмасу болып, кері байланыс жүргізілді.

Толығырақ...