28-29 қараша күндері Астана қ. әкімдігінің «Әдістемелік орталығы»,Нестле Еуразия білім беру бағдарламалары бөлімі, «Астана медицина университеті» КЕАҚ профилактика медицинасы және нутрициология кафедрасы әлеуметтік серіктестік негізінде С.Сейфуллин атындағы №80 МГ «Салауатты тамақтану мектебі» жобасы аясында «Оқушыларға дұрыс тамақтану негіздерін қалай тиімді және қызықты етіп оқыту керек» тақырыбында фуд-зертхана жұмысын көрсетіп, «Серіктес болу «Салауатты тамақтану мектебі» жобасы табыстылығының маңызды құрамдас бөлігі» тақырыбында баспасөз брифингін өткізді.
Фуд-зертхана жұмысын «Астана медицина университеті» КЕАҚ профилактика медицинасы және нутрициология кафедрасының доценті
Тарджибаева Сәуле Кеңесбекқызы жетекшілік ететін осы кафедраның 4 курс студенттері 2- сынып оқушыларымен өткізді.
Баспасөз брифингінде Астана қ. әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МҚКК білім саласындағы талдау және мониторинг басқармасының басшысы Досмұхамет Анар Досмұхаметқызы Салауатты тамақтану мектебі бағдарламасының оқушылар арасында тамақтану мәдениетін қалыптастырудағы маңыздылығына тоқталды.
Алматы қаласы Білім басқармасының ББЖТҒӘО ақпарат- талдау және
баспа жұмысы жөніндегі бөлім басшысы Ежова Татьяна Владимировна «Салауатты тамақтану мектебі» инновациялық жобасының 2013 жылдан бастап 200 000 астам баланы қамтитыны және 2023 жылдан бастап республика бойынша енгізіле бастағанына тоқталды.
Нестле Еуразия білім беру бағдарламалары бөлімінің басшысы, педагогика ғылымының кандидаты «Салауатты тамақтану мектебі бағдарламасының» кеңесшісі Макеева Александра Германовна отбасын дені сау ұрпақ тәрбиелеуге ынталандырудағы «Салауатты тамақтану мектебі» инновациялық жобасының маңыздылығын айтты.С.Сейфуллин атындағы №80 МГ директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Аманова Т.С отбасын дені сау ұрпақ тәрбиелеуге ынталандырудағы тамақтану және белсенді өмір салты бағдарламалары жоспарына сәйкес өткізілген фуд-зертхана жұмысына оқушылардың белсене қатысқанын және «Салауатты тамақтану мектебі» жобасы аясында «Астана медицина университеті» КЕАҚ профилактика медицинасы және нутрициология кафедрасымен серіктесе жұмыс жасау жоспарымен таныстырды.
Толығырақ...