Бүгін 7-сынып оқушыларына арналған биология сабағы ерекше форматта, мектеп жанындағы учаскеде өткізілді. Биология пәнінің мұғалімі Г. ж. Капарова өткен материалды қайталай отырып, экожүйе компоненттерінің мысалдарын келтірді. Сонымен қатар Гүлнұр Жұмабаева оқушыларды мектеп жанындағы жасанды экожүйе - жылыжаймен таныстырды. Жылыжай жыл бойы мәдени өсімдіктерді өсіруге, ерте отырғызуға және жинауға мүмкіндік беретіні балаларға ерекше әсер қалдырды.