Еріктілер қызметі
Еріктілік-бұл басқа адамдарға ғана емес, өзіңе де көмек: еріктілік өзіңе сенуге, қиындықтарды жеңуге үйренуге және мамандықты саналы түрде таңдауға көмектеседі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде волонтерлік қызметті дамытуға ерекше мән беріп, оны Әділетті Қазақстанды құрудың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі деп санайтынын атап өтті.Әлемнің көптеген елдерінде (АҚШ, Канада, Үндістан, Жапония және т.б.) ел ішінде де, шетелде де еріктілер бағдарламаларына қатысу іс жүзінде мемлекеттік немесе қоғамдық секторда мансап құруға ұмтылатын адамдар үшін қажеттілік болып табылады. Бүгін №80 мектеп-гимназиясына «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтынан келіп, Өркен институтынын аға окытушылары Назырова Гульмира Жагипаровна мен Жанузакова Надия Ахметказиевна еріктілер қызметімен таныстырды.
Толығырақ...