Елімізде 2023 жылғы 27 наурыз бен 10 сәуір аралығында өтіп жатқан «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» Республикалық акциясы аясында 29 наурыз күні Астана қаласының С.Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясының спорт алаңында Сарыарқа ауданының полиция басқармасы мен мектеп әкімшілігінің бірігіп ұйымдастыруымен орта мектеп жасындағы оқушылар арасында эстафеталық жарыстар өтті.
Жарыстырдың мақсаты балалардың дене шынықтыру белсенділігін арттыру, олардың бойына салауатты өмір салтын сіңдіру және ең бастысы осы спорттық-бұқаралық іс шара арқылы балалардың жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған Республикалық алдын-алу іс-шарасына көпшіліктің назарын аудару болды.
Балалар үшін қызықты әрі тартысты өткен доданың қорытындысымен спорттық эстафета ойындарына белсенді атсалысқан оқушылар мен ұстаздар Сарыарқа ауданы полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Д.У. Жұмағұловтың атынан алғыс хаттармен және құнды сыйлықтармен марапатталды.