24 қараша күні Қазақ елінің тарихында абыройлы орын алатын қазақтың белгілі ақыны, жалынды жазушысы, көрнекті мемлекет қайраткері, қазақ әдебиетінің ақсұңқары атанған Сәкен Сейфуллиннің 129 жыл толу қарсаңында «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау мен қолдау орталығы, Астана қаласының «Бірлескен мұражайлар дирекциясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, С.Сейфуллин мұражайы құрылымдық бөлімшесі және Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясының ұйымдастырылуымен үшінші қалалық Сәкен оқулары болып өтті. Сәкен оқуларына қатысушыларды құттықтау үшін сөз Сәкен Сейфуллин атындағы №80 МГ директоры Майканова Гүлдерай Казтаевнаға берілді. Сонымен қатар Астана қ.«Бірлескен мұражайлар дирекциясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, С.Сейфуллин мұражайы құрылымдық бөлімшесінің директоры Абсеметов Марат Оралбайұлы және «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау мен қолдау орталығының директоры Бейсембаева Жанар Мәулетханқызы Сәкен оқуларына қатысушы оқушыларға сәттілік тіледі. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау мақсатында қатысушылар 4 номинация бойынша жұмыстарын ұсынды.Әр номинация бойынша оқушылар ережеге сәйкес шығармашылық өнерлерін көрсетті. Атап айтсақ:.«Болмасаң да ұқсап бақ» номинациясы бойынша 31 оқушы,.«Сәкен - жыр сұңқары» номинациясы бойынша 27 оқушы, .«Арқаның асау тұлпары» номинациясы бойынша. 36 оқушы, «Сыр сандықты басып қара» номинациясы бойынша 11 мектеп қатысты. Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығына қызығушылық танытқан оқушылар Сәкен оқуларына жоғары дайындықпен келген. Әділ-қазылар Сәкен оқуларына қатысушылардың жұмыстарына әділ бағаларын беріп қорытындылады. Осы күнде Сәкен ақын біздің арамызда жүрмесе де, жалынды шығармалары мәңгі бізбен бірге.
Толығырақ...