17 қараша күні Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп -гимназиясында Сәкен Сейфуллинге 129 жыл толуына орай «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» атты әдеби кеш ұйымдастырылып өткізілді. Әдеби кешті С.Сейфуллин атындағы № 80 мектеп - гимназиясының директоры Майканова Гүлдерай Казтаевна ашып берді. Кешке Сәкеннің нағашы қарындасы,ардагер ұстаз,оқу ісінің үздігі Әбіш Асылгүл Рақымжанқызы және ҚР Халыққа білім беру ісінің үздігі ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Мәдениет қайраткері Құсайынов Алтай Қарпықұлы қатысты. Бірнеше оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар оқушылар Сәкеннің туыстарына сұрақтар қойып ой бөлісті.Кеш барысында Сәкеннің «Тау ішінде» әні мен «Ер Тұран» күйі орындалды.Әдеби кеш мазмұнды әсерлі болды.Әдеби кеш қонақтарымен естелік суреттерге түсіп,қонақтарға естелік сыйлықтар берілді. Ақынның ой мен сезім астасқан жырларын жаттаған жас қауым да ақын өлендерін ешқашан естен шығармайды деп сенеміз. Ел үшін, туған халқы үшін құрбан болған Сәкен Сейфуллин өмірін,шығармашылық келешек ұрпақ мәңгі есте сақтайды.
Толығырақ...