2023 жылғы 2 наурызда С.Сейфуллин атындағы №80 мектеп гимназиясында 1 наурыз – Алғыс айту күніне орайластырылған мектеп сынып оқушыларының Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесуге Ассамблея Достық үйінің басшысы Ә.Е. Мырзаханов, Болгар халқы этно-мәдени орталығының жетекшісі О.О. Андреевская, «Ассамблея жатары» Республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ю.Н. Лагуткина және Ассамблея Баспасөз орталығының жетекшісі А. Жанеев қатысты.
Алғыс айту күні - елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуының салтанатты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпашылықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда елімізде түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. Алғыс айту күні – тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні. Бұл күн – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейірімділік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды ізгі қасиеттерді еске алу күні.