2023 жылдың 22 желтоқсанында Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясынының кітапханасында 8 “Е” сынып оқушыларымен және сыныптың әжелерімен бірге кітапханалық квест ұйымдастырылды. Ата-аналарды педагогикалық қолдау мақсатында ашық есік күнінде “Қазақстанның кітап көздеріндегі салт-дәстүрлері” тақырыбында ұйымдастырылған квесттің мақсаты: оқушыларды ата-бабаларымыздың дүниетанымын қастерлеуге, дәстүрімізді дәріптеп, салтымызды сыйлауға үйрету, мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайту, үлкендерді сыйлауға құрметтеуге тәрбиелеу. Сынып оқушыларының әжелері қазақтың салт-дәстүрі мен әдет ғұрыптарын атап олардың маңыздылығы мен ерекшелігін түсіндіріп өтті. Мектептің кітапхана меңгерушісі С.С. Муканова салт-дәстүріміздің негізгі көзі болған, барлық білімдердің басын бір жерге тоғыстырып, кез-келген сәтте көмекке келетін, тіл байлықты дамытатын баға жетпес дүние - кітаптармен таныстырып өтті. Сыныптың жетекшісі А.Ә. Сәлім салт-дәстүр туралы викториналық сұрақтар қойып, квест ойынының ережесімен таныстырды. Квест ойынында оқушылар екі топқа бөлініп қазына толы сыр сандықты іздеу жолында көптеген кедергідерден өтіп, сұрақтардың жауабын тауып, соңында “Амели” тобы сандықтың кілтін тауып жеңіске жетті! Іс-шара соңында әжелер балаларға тілектерін жаудырып, іс-шараға көңілдері толып, алғыстарын айтты. Әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер қазақ халқының рухани өмірін білу, құрметтеу бағалау қажет деген қорытындылар жасалып, жеңімпаздар марапатталды.
Толығырақ...