Бүгін, 1 қазан – Қарттар күніне орай, 3 "А" сыныбында "Қазыналы қарт" атты кездесу өтті. Бұл кездесуге Оралбай Батырдың атасы құрметті қонақ ретінде шақырылды. Шараның басты мақсаты – балаларды үлкендерді құрметтеуге, олардың өмірлік тәжірибелерін бағалауға, әрі ата-әжелердің өсиеттерін тыңдап, үлгі тұтуға тәрбиелеу. Атасы балалармен өз өміріндегі қызықты оқиғаларымен бөлісіп, ақыл-кеңестерін айтты. Балалар үлкендерге құрмет көрсетудің маңыздылығын түсініп, аталары мен әжелерінің айтқан ақылдарын есте сақтауға уәде берді.
Толығырақ...