2024 жылдың 03.12.2024 ж. күні Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясында құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында 9-11 сыныптардың ер балалармен кездесу өткізілді. Шараға қатысқан 250 оқушы.
Іс-шараға қатысқан өкілдер:
Астана қ. Сарыарқа аудандық полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімше бастығының орынбасары, полиция майоры Біртаев Біркен Талғатұлы және ЖПҚБ УПИ полиция капитаны Ахметов Б.Н. , ЮПБ инспекторы полиция капитаны Абдикулова А.А.
Сарыарқа ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Бейсенбай Қ.Б. және Сауыт Азизхан Қазбекұлы.
Кездесу барысында қылмыстық құқық бұзушылықтың салдары, заң бұзушылықтардың жауапкершілігі және жасөспірімдердің қауіпсіздік мәдениетін арттыру мәселелері талқыланды. Қатысушылар құқық бұзушылықтың алдын алу үшін маңызды ақпараттармен бөлісіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Іс-шара жастарды құқықтық жауапкершілікке тәрбиелеуге және тәртіп бұзушылықтардың алдын алуға бағытталды.
Бұл кездесу мектеп оқушылары арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға және олардың қоғамдық өмірге жауапты көзқарасын қалыптастыруға оң әсерін тигізді деп сенеміз.