Құрметті Фатима Есіркегенқызы!
Сізді Құрмет грамотасымен марапатталуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл құрмет – сіздің қажырлы еңбегіңіздің, шәкірттерге деген адал қызметіңіздің және ұстаздық жолдағы табандылығыңыздың жемісі. Сіздің біліміңіз бен тәжірибеңіз жас ұрпақты тәрбиелеуде баға жетпес үлес қосуда.
Сізге мықты денсаулық, шығармашылық шабыт және жаңа жетістіктер тілейміз. Әрдайым биіктерден көріне беріңіз!