Сарыарқа ауданының прокуратурасы және полиция басқармасының өкілдері Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясында қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында кездесу өткізді. Іс-шараға бөлім прокуроры Сауыт Азизхан Қазбекұлы, жедел уәкіл Гасимов Рустам Шымкентбаевич және учаскелік полиция инспекторы Мусаев Кенжебай Хамитович қатысты. Кездесу барысында оқушыларға құқықтық тәртіп, қоғамдық қауіпсіздік және қылмыстың алдын алу туралы маңызды ақпарат берілді.
Іс-шараға 278 оқушы қатысып, құқық қорғау органдары өкілдерінен өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Бұл кездесу қылмыстық құқық бұзушылықтарды болдырмаудағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады және оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етті.
Толығырақ...