Қыздар тәрбиесі

Отбасы қоғамның бір бөлшегі, ал отбасының алтын қазығы – әйел адам. Бүгінгі өткізілген іс-шара мақсаты жалпы берілетін тәрбиенің ішінен қыз бала тәрбиесіне байланысты тұстарын бөліп, адамгершілігі мол, әдепті, инабатты, сыпайы қыздарымызды тәрбиелеп шығару.
Қыздардың бірі – жаңа буырқанған бұлақ болса, екіншісі - ағысы қатты арналы өзен, бірі - момын жуас болса, енді бірі - өткір де өжет жаратылған.
«Қыз» – ең қасиетті сөз. Қасиетті болатыны бүкіл
адамзат қыздан тарайды: қыз келін болады, келін
анаға айналады, ал ана уақыт өте келе дәрежесі зор “әжеге” айналады. Осы үшеуінен сатылай келе ұрпақ өсіп, ұлт қатары көбейеді. «Ұлдың ұяты әкеге,қыздың ұяты шешеге»деп қараған халқымызда ұл баланы тәрбиелеуді аталар мен әкелер өз қолына алса, қыз баланы тәрбиелеу әжелер мен аналардың жауапты ісі болып саналған. Қыз бала тәрбиесі ата-аналарға үлкен сын болған. «Анасын көріп қызын ал», – деген сөз де бекерге айтылмаған. Бұл шараға қонақ болып келген аналар қауымы да қыздарымызға өз ақыл-кеңестерін беріп,салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың қыр-сырымен таныстырып, өнерлерімен үлгі көрсетті.
Қыздарымыздың тәрбиесіне жауапкершілікпен қарап,болашағына
дұрыс жол нұсқап,жетекші бола білейік!
Іс-шара ұйымдастырушылары: Умарова А.А.
Нуртазина З.Д.
Іс-шараға қатысқан: 5”В” және 7”Д” сынып қыз балалары
Толығырақ...