Қызылшаны алдын-алу іс-шаралары
Қызылша – ауа жолы арқылы өте жылдам таралатын вирусты жұқпалы аурулардың бірі. Қызылшамен ауырмаған немесе егілмеген адам қызылшамен ауырған адаммен байланыста болса, жұқтырып ауырып қалу мүмкіндігі өте жоғары. Сондықтан қызылшаның алдын алу жолдары туралы мектебімізге дәрігерлер келіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.