Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясында экосабақ өтті!

2025 жылғы 18 сәуірде мектебімізде «Суды үнемде – болашағыңды сақта!» атты экологиялық ашық сабақ өтті.
Іс-шараға ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Абдраимов Аслан Сабазұлы арнайы қатысып, оқушыларға су ресурстарын қорғау туралы мазмұнды сабақ өткізді.
Шара аясында оқушылар өз қолдарымен жасаған қалдықтардан жасалған роботтар көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.
🌏Бұл экосабақ жас ұрпаққа табиғатты аялау мен суды үнемдеудің маңызын түсіндіруге бағытталды.