«Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының жұмысы аясында мектепте 7 «И» сыныбы мен 8 «Б» сыныптарымен ашық есік күні өткізілді.Тақырыбы: «Мектеп-сүйіспеншілік мекені». Мақсаты: отбасындағы тәрбие өте маңызды рөл атқаратындығын көрсете білу, мектеп пен ата-ана байланысын ынтымақтастыру,өзара серіктестік орнату,ата-ананың,баланың оқу-тәрбиеге қатысты жауапкершілігін арттыру. Мектеп психологы Жарасова Индира Кишкенбаевна ата-аналармен отбасындағы бала тәрбиесі және мектеп пен ата-ана байланысын ынтымақтастыру мақсатында тренинг өткізді.Ата-аналар өз ойларын топта талқылап,постерге түсірді.Топтық жұмысқа ата-аналар белсенді қатысты.Тренинг соңында 7 «И» сынып жетекшісі мен 8 «Б»сынып жетекшілері Сейітқадыр Гүлмира мен Мустафина Жұмакүл Амантаевна өз ойларын білдірді.
Толығырақ...