Мектепішілік олимпиада

11.11.2023 жылы С.Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың I (мектепішілік) кезеңі өтті. Мақсаты жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың I (мектепішілік) кезең қорытындысын шығару, аудандық кезеңге қатысатын оқушыны анықтау.
Олимпиадаға математика , физика, химия, биология, география, тарих, құқық, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс сыныптарындағы қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ сыныптарындағы орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінен барлығы 68 оқушы тіркелді. Мектепішілік олимпиада 2 кезеңнен тұрды. Тапсырмалар оқу-әдістемелік тұрғыда сараланып , олимпадаға қатысушының пән бойынша терең теориялық білімін, практикалық біліктілігін, оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым дағдыларын және функционалдық сауаттылығын анықтауға бағытталған. Әр бірлестік отырысында олимпиада материалдары қаралып, директорға бекітуге ұсынылды.
Олимпиадаға қатысуға 2 академиялық сағат беріледі. Олимпиадаға қатысушылардың білімдері бағалау талаптарына сай сараланып, қорытындысы шығарылды. Комиссия шешіміне сәйкес Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың IІ (аудандық) кезеңіне қатысушылар анықталды.
Толығырақ...