Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы біздің еліміздің дамуындағы стратегиялық бағыттарды айқындаған маңызды құжат. Жолдауда белгіленген басымдықтар – әділеттілікті орнату, ұлттық бірлікті нығайту және халқымыздың әл-ауқатын жақсарту – еліміздің әрбір азаматы үшін үлкен мәнге ие.
Мемлекет басшысының бастамаларын толықтай қолдай отырып, білім саласындағы реформаларды жүзеге асыруға белсенді түрде атсалысамыз. Біз өз алдымызға сапалы білім беру, заман талабына сай жаңашылдықтарды енгізу және оқушылардың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету міндетін қойып отырмыз. Білім беру жүйесінде әділеттілікті қамтамасыз ету арқылы, біз өскелең ұрпаққа тең мүмкіндіктер беруге, олардың әлеуетін толық ашуға күш саламыз.
Сонымен қатар, біртұтас ұлт қалыптастыру мақсатында әрбір оқушының бойында патриоттық рухты, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті арттыруды басты назарда ұстаймыз. Мемлекет басшысының Жолдауында айтылғандай, «Берекелі қоғам» құру тек экономикалық әл-ауқатқа емес, сондай-ақ, рухани-мәдени байлыққа да байланысты. Осы бағытта біздің мектеп ұжымы оқушыларға жоғары білім беріп қана қоймай, оларды адамгершілікке, мәдениетке, ынтымақтастыққа тәрбиелеуге ерекше назар аударады.
Қасым-Жомарт Кемелұлының білім беру саласына қатысты алға қойған міндеттерін орындау арқылы, біз өз еліміздің болашағына үлкен үлес қосамыз деп сенеміз. Әділетті мемлекет құру жолында білім сапасын жақсарту және ұрпақ тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарау – біздің ұжымның басты мақсаттары. Бұл біздің мемлекетіміздің жарқын болашағын қамтамасыз етудің негізгі кепілі деп білеміз.
Гульдерай Майканова
Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясының директоры
Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясының директоры