4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназия жанындағы жазғы сауықтыру лагерлерінде бірқатар патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Таңертеңгі бірыңғай саптүзеу рәсімінде Мемлекеттік Гимн орындалып, балалар ел рәміздеріне деген құрметін білдірді.
Сонымен қатар, оқушылар арасында сурет байқауы, танымдық викториналар, рәміздер туралы бейнежобалар мен әңгіме сағаттары өткізілді.
Біздің туымыз – тәуелсіздік, елтаңбамыз – бірлік, әнұранымыз – ел рухы!