Бүгін Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясында Патриот айлығы аясында және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 5–7-сынып оқушылары арасында «Мен елімнің патриотымын» атты патриоттық әндер байқауы өтті.
Шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, елін, жерін құрметтейтін, тарихын қадірлейтін нағыз патриот азамат тәрбиелеу.
Байқауға қатысқан оқушылар Отан, ерлік пен батырлық тақырыптарындағы әндерді орындап, өз өнері арқылы көрерменге рухани толғаныстарын жеткізе білді. Әрбір қатысушының дауыс мәнері, сахна мәдениеті және патриоттық сезімді жеткізуі әділқазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланды.
Жеңімпаздар мақтау қағаздары мен түрлі номинациялар бойынша марапатталды.
Мұндай шаралар жас ұрпақтың рухани әлемін байытып, елжандылық сезімін қалыптастыруда үлкен маңызға ие.
«Мен елімнің патриотымын» атты патриоттық әндер байқауы
