Мерекелік билбард немесе мектеп беделі
Әдетте қалада әр мерекеге орай ілінетін билбардттарға көпшілік арнайы актерлер мен модельдер түседі деп қабылдайды. Басқаны қайдам, биылғы балалар жылында балаларды қорғау күніне орай елорданың көрікті көшелерінде ілінген билбардтарға Сәкен Сейфуллин атындағы #80 мектеп-гимназиясының оқушысының Шаттық байқауына түсірген суреті қойылған. Бұл фотосуреттің орналастырылуы да тегін емес. Бұны біз үлкен еңбектің жемісі деп білеміз. Себебі бірер ай бұрын өткен ХV қалалық "Шаттық-2022" шығармашылық байқауында дәл осы сурет арқылы мектебіміз "Фотосурет және 3D модельдеу" жанры бойынша Күміс медальға қол жеткізген болатын.
Қаланың көркін келтірген бұл билбардта бақытты балалық шақтың лебі еседі. Осындай бақытты балалықты шығармашылық жұмысының өзегі ете білген Бекіш Әділ сияқты оқушымыздың және жетекшісі Байкенжеева Ж.К мұғалімнің жеңісі-мектебіміздің жемісі. Жаңа Қазақстан балаларының жарқын бейнесін бірге қалыптастырайық!