18 маусым күні Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясының акт залында мектеп жанындағы «Атамекен», «Археологиялық», «Дидарлы жаз» лагерьлерінің және «Жасыл ел» бағдарламасы аясындағы оқушыларға арналған нашақорлықтың алдын алу бойынша дәрістік кездесу өтті.
🔹 Қонақтар:
– Асқарұлы Серікхан, Астана қаласы ПД ЕҚҚіҚБ жедел уәкілі, полиция капитаны
– Алмаганбетова Алмагуль Жансериковна, Сарыарқа ауданы ПБ ЖПҚБ ЮПБ полиция майоры
– Жумагулова Асель Гомаровна, «Вечерняя Астана» газетінің журналисі
💬 Кездесуде нашақорлықтың түрлері мен зардаптары, құқықтық жауапкершілік, жастардың денсаулығына төнетін қауіптер жайында кең көлемді ақпарат берілді. Сонымен қатар, нақты өмірден алынған бейнероликтер көрсетіліп, оқушылар тарапынан сұрақтар қойылды.
📣 Басты үндеу:
«Салауатты өмір – өз қолыңда! Жаман әдеттерден арылу – сенің таңдауың!».
Есірткіге жол жоқ!
