Мектебіміздің жарық жұлдызы, жас теннисші Омарбек Адия!


Омарбек Адия Қайнарқызы №80 мектеп-гимназиясының 9Ж сынып оқушысы, біздің мектептің мақтанышы, еліміздің болашағы зор спортшы. Ол 2018 жылы "қызғылт сары доп" республикалық байқауында жекелей сында бірінші орын алып, алғашқы нағыз құнды атаққа ие болды. Ал, 2022 жылы 14 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының Біріншілігінде 13 жасында осы категория бойынша чемпион атанып, жұпта 1 орын алды. Ол сондай-ақ Азия теннис Федерациясы (ATF), Еуропа теннис Федерациясы (Te) және Халықаралық теннис Федерациясы (ITF) сериясындағы халықаралық жарыстардың жүлдегері.