2023 жылғы 10 наурызда С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназияның мәжіліс залында ортаңғы мектеп жасындағы оқушылардың «Право» Қоғамдық қорының өкілдерімен «Жәбірлеу (буллинг) және оның алдын алу» тақырыбында кездесуі болып өтті. Кездесуге аталмыш қордың заңгері А. Хамитов және психологы К. Ермекқызы қатысты.
Спикерлер оқушыларға кәмелетке толмаған баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, олардың арасында құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою, кәмелетке толмағандарды зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынастан қорғау жөніндегі шаралар туралы ақпарат берді. Іс-шара барысында оқушыларға: буллинг пен қақтығыс арасындағы негізгі ұғымдар мен айырмашылықтар; буллингтің салдары; буллинг пен кибербуллинг жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік; буллинг пен кибербуллингтен зәбір шеккен балаларға психологиялық қолдау және көмек көрсету туралы түсіндірілді. Кездесу соңында білікті мамандар білім алушыларға буллинг пен кибербуллингті болдырмау бойынша бірнеше ұсыныстар берілді.