Сәндік қолданбалы өнер!
Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚКЖ және жұмыс жоспарына сәйкес С.Сейфуллин атындағы № 80 мектеп-гимназия базасында 05 қаңтар 2024 ж. Астана қалалық көркем еңбек және бейнелеу өнері мұғалімдеріне арналған «Сәндік-қолданбалы өнер» бөлімін оқытудың негізгі формалары мен ерекшеліктері»тақырыбында қалалық семинар өтті.Семинарға қатысушыларды С.Сейфуллин атындағы №80 мектеп гимназия директоры Майканова Г.К және«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының бас маманы Аида Казбековна құттықтады. Мектептің бейіндік оқыту бойынша орынбасары Аманова Т.С «Сәндік-қолданбалы өнер» бөлімін оқытудың негізгі формалары мен ерекшеліктеріне сәйкес қолданылатын әдіс-тәсілдерге тоқталды.. Қалалық көркем еңбек пән мұғалімдерінің ассоциация төрайымы, №38 мектеп –лицейінің көркем еңбек пәні мұғалімі Жарасбаева Дарига Аскаровна семинар бағдарламасымен таныстырды. Негізгі бөлімде семинарға қатысушылар бағдарлама бойынша көркем еңбек және бейнелеу өнері мұғалімдерінің шебер сабақтарына қатысып практикалық жұмыс жасады. Семинарды өткізуге ат салысқан барлық педагогтер С.Сейфуллин атындағы № 80 мектеп-гимназияның эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері Тургунбаева А. А, Жаппаров М.Б , Қосалбаев М,М, Умарова А.А. Тақау Мүнира, Бастауыш сынып мұғалімі Ибраева А.С, Абдуахитова И.К, Толеуханова Ш.Б, Байгазинова А:Т, Педагог-психолог Жарасова И.К мектеп әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз.