25 ақпан күні Алаштың ардақтысы, ақын Сәкен Сейфуллин репрессияның құрығына ілініп атылған болатын. Атаулы күнге орай мектебіміздің директоры Гульдерай Қазтаевнамен бірге мұғалімдер мен 5”Б” сынып оқушылары қаладағы Сәкен Сейфуллин музейінде ақын ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, жиналғандар рухына тағзым етті.
Бүгінгі егемен ел болуымыз - батыр бабаларымыздың, Алаш қайраткерлерінің тәуелсіздік үшін күресіп, сол жолда қиған жандарының жемісі. Біз олардың еліміздің қалыптасып, қазақ ұлтына сіңірген еңбектерін ұмытпай, әрқашан жадымызда сақтай білуіміз керек. Еске алып, түрлі іс-шаралар өткізіп, ерліктерін насихаттап , жас ұрпақтың бойына сіңіруіміз қажет.

Толығырақ...