стана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» жоспарына сәйкес 2024 жылғы 2024 жылдың 12 наурыз күні С.Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясында «Сынып жетекші-тәрбие жүйесінің негізгі ұйытқысы» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинардың мақсаты: Оқу-тәрбие жұмысында білім алушылардың жас ерекшеліктеріне, олардың өмірлік сұраныстары мен талаптарына сай психологиялық ахуалын ретке келтіре отырып, ұйымдастырылған сынып жетекшілері тәжірибелерімен алмасу.
Семинар барысында «Әкелер мектебі» ұйымы «Әке мен бала» атты ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Сонымен қатар кәсіби алаңда «Дәстүрлі тәрбиенің заманауи келбеті», «Ұлттық құндылықтар- тәрбие бастауы», «Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар», «Заманауи мектептегі сынып жетекшісінің моделі», «Үштік одақ ынтымақтастығы- тәрбие негізі», «Жеке тұлғаның қалыптасуындағы сынып жетекшінің рөлі» тақырыптарында сынып жетекшілері өз тәжірибелерімен бөлісті. Қонақтар мектепте жүйелі өтетін «Жас сарбаз», «Педстарт» «Дұрыс тамақтану», «Бала Абай», «Қазақ хандығы», «Жас құтқарушы», «Global Scholars» халықаралық жобаларымен танысты.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары тәрбие бағыты бойынша жүргізілген жұмыстарын көрсетіп өтті.
Семинарға тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің әдіскері Жамболат Ныгметович және қала мектептерінен 78 сынып жетекшісі мен пән мұғалімдері келіп қатысты.
Толығырақ...