Мектебімізде Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз ел ұрпақтары» атты онкүндік декаданың ашылу салтанаты өтті. Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау, жас ұрпақ бойында еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру, желтоқсан оқиғасының арқасында талай жылдар бойы армандаған егемендікке қол жеткізгенімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын оқушыларға жете түсіндіру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту мақсатында жүргізілді. Мектеп қабырғасында өткізілген іс-шаралар Отанды сүюге, құрметтеуге, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір- қасиетін ұғынуға бағытталды. Ашылу салтанатына желтоқсан куәгерлері Қайранбеков Бауыржан Оқташұлы, Алдаберген Бауыржан Жандарбекұлы қатысты. Сөз кезегінде желтоқсан оқиғасына тоқталып өтті. "Желтоқсан маршы" әнінінің авторы Бауыржан Жандарбекұлы әннің шығу тарихына тоқталып, әсерлі кештің шырайын ашты.