Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Қазақ халқының көп жылдар бойы аңсаған, армандаған еркіндігі. Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан Республикасы мәдениет қайраткері, мектеп оқулықтарына бірнеше шығармалары енген, 30-ға жуық кітаптары жарық көрген, туындылары бірнеше тілге аударылған белгілі қаламгер, ақын, сазгер, сатирик, журналист, заңгер Әкім Ысқақ Әбдіқайымұлымен кездесу өтті.
Отаным - өр қазағым бұл өмірде,
өзіңсің сүйенерім, тірегім де!
Сен десе сарқылмайтын сағыныш бар,
Менің мынау тулаған жүрегімде, - деп ақын жырлағандай өз елімізге деген сағыныштың қашан да сарқылмайтынын, еліміздің алдындағы адал азаматтық борыштың қашан да биік тұратыны бәрімізге мәлім. Еліміздің көк байрағы көгімізде желбіреп, бейбіт күніміз таусылмасын.
Толығырақ...